Жеңімпаздар мен үздік қатысушыларды марапаттау рәсімі., Қала өзінің Чемпиондарымен мақтанады., ФЕДЕРАЦИЯ ФУТБОЛА АЛМАТЫ. Официальный сайт

Новость

01.12.2022

Жеңімпаздар мен үздік қатысушыларды марапаттау рәсімі.

2022 жылдың 27 қарашасында Forum сауда ойын-сауық орталығында 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында футбол бойынша Алматы қаласы 2022 жылдың күзгі чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болды.

Чемпионат бірінші қазан мен 20 қараша аралығында Алматы қаласы спорт басқармасының мен Алматы қаласы Футбол федерациясының қолдауымен өткізілді. Барлық демалыс күндері, оның ішінде мектеп демалысында да, «А», «В» және «С» үш дивизионында таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін 11 жас санаттары арасында қызықты футбол ойындары өтті. Командалар жалпы 10 тур ойнады.

Алматы қаласы әкімдігінің қосқан үлесінің арқасында спорт пен салауатты өмір салты тұрғындар арасында, оның ішінде балалар үшін де, трендке айналып бара жатыр. Мұның жарқын мысалы - осы іс-шара. Жас футболшылар қызықты ойындарға қатысып, әрбір қатысушыға даму үшін жаңа дағдылар алуға мүмкіндік беретін бәсекелестік пен тәрбие процесіне атсалысты.

 Осындай ауқымды турнир осы жылы қаламызда алғашқы рет жүзеге асырылды. Чемпионатқа 3400 бала қатысты, олар қаламыздың төрт футбол стадионында 620 ойын ойнады. Матчтарда 30-ға жуық төрешілер қызмет етті, YouTube арнасында ойындардан тікелей эфир жүргізілді. Чемпионаттың сайтында ойындардың статистикасы онлайн режимінде жүргізілді.

Осында чемпионат жасөспірімдер үшін Балалар Жылы аясында керемет сыйлық болды. Чемпионат «Алматының мақтанышы» ұранымен өтті, өйткені балалар - біздің мақтанышымыз. Қатысу үшін командалардан кіру жарналары алынбағанын атап өткен жөн.

Марапаттау рәсімінде үздік қатысушылар, жүлдегерлер мен Чемпиондар анықталды, 1000-нан астам қатысушы марапаттарға ие болып, әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.